|
26.07.2021 | 10:06
994

Елена Рыбакина Олимпиаданың үшінші айналымына өтті

Ол теннистен әйелдер арасында жарысты жалғастырып жатқан жалғыз өкіліміз

Елена Рыбакина Олимпиаданың үшінші айналымына өтті olympic.kz


Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина олимпиаданың үшінші айналымына өтті. Ол екінші кездесуінде швециялық Ребекка Петерсонмен ойнап, қос сет қорытындысы бойынша 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Almaty.tv

Айта кетейік, Елена Рыбакина теннистен әйелдер арасында жарысты жалғастырып жатқан жалғыз өкіліміз. 

«Мені қолдаған жанкүйерлердің барлығына рақмет айтқым келеді. Алайда, бүгінгі ойыным нашар болды. Әсіресе, 1-ші сеттің басында асығыс шешім қабылдап, көп қателік жасадым. Одан бөлек ауа райы да ылғалды болғандықтан ойнау оңай болмады. Ендігі мақсат келесі айналымда жеңіске жету», – деді Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина.

Ал, Қазақстан теннис Федерациясының вице-президенті Елена Рыбакинаның жүлдеге таласу мүмкіндігі жоғары екенін айтады.

«Елена Рыбакинаның өнеріне үлкен үміт артамыз. Ол бабында. Қолынан бәрі келеді. Тіпті, турнирдегі кез-келген қарсыласын басым түсетін мүмкіндігі бар», – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Юрий Польский.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир