Ольга Рыпакова Олимпиададағы карьерасын аяқтады

olympic.kz
olympic.kz
Ол жанкүйерлерімен қоштасып, карьерасын аяқтаған бұрынғы бәсекелестеріне сәттілік тіледі. Оларды бәсекелес емес, құрбы деп есептейтінін жазды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова өзінің Олимпиада ойындарындағы карьерасын аяқтағаны туралы хабарлады. Ол Токиода өткен Олимпиада ойындарында жеңіл атлетика спортшысы ретінде соңғы рет жарысқа қатысты. Рыпакова ұзақ жылдар бойы жарысқа  түскен бәсекелестеріне алғыс білдіріп, сәттілік тіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

«Мен спорттағы карьерам тамаша спортшылар (Украина спортшысы Ольга Саладуха мен Колумбия жеңіл атлеті Катрин Ибаргуэн) өнер көрсеткен шаққа дөп келгені үшін бақыттымын. Олар да мен секілді Токиода өткен Олимпиада ойындарында соңғы рет жарысқа шықты», – деп жазды Рыпакова.

Ол осы спортшыларды «тек қана бәсекелес ретінде емес, сондай-ақ рухани тұрғыдан жақын адамдар, құрбы ретінде сыйлайтынын» айтты.

Жапонияда Рыпакова үш аттап секіру бойынша финалға шыға алмады. Бұл қазақстандық спортшы медальсіз қайтқан жалғыз Олимпиада. Алайда ол спорт шарасының ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының туын көтергендердің бірі ретінде өз киімімен талайды тамсандырды.

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада кезінде Рыпакова төртінші орынды иеленді. Алайда оның бәсекелестері допинг қабылдағаны анықталғаннан кейін Ольгаға күміс медаль табысталды. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде Рыпакова чемпион атанып, 2016 жылы Рио-де-Жанейродан қола жүлдемен қайтты.


Новости партнеров