Дархан Асаділов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

05.08.2021 16:48

Дархан өз тобындағы төрт кездесудің үшеуінде жеңіске жетті

olympic.kz

Токио Олимпиадасында қазақстандық Дархан Асаділов каратэ-додан үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол алдымен түркиялық Салман Эраиді 6:2 есебімен, кейін әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевті 6:2 есебімен ұтты.

Топтағы үшінші кездесуде Асаділов жапониялық Наото Сагоны 3:0 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, топтағы соңғы кездесуде Дархан египеттік Әли Әл-Савимен кездеседі. Жартылай финалдық кездесулер бүгін кешкі уақытқа жоспарланған.