Дзюдошы Ерлан Серікжанов Олимпиада ойындарын сәтті бастады

25.07.2021 17:03

Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта "вазари" ұпайын еншіледі

sports.kz

Токио Олимпиадасында дзюдо бойынша жарыстардың екінші күні басталды. Қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін, жарыстың екінші күнінде ерлер 66 келіге дейінгі, әйелдер 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.

66 келіде Қазақстан сапынан татамиге шыққан Ерлан Серікжанов алғашқы кездесуінде қарсыласын жеңді. Әзірбайжандық Орхан Сафаровпен белдескен ол қосымша уақытта "вазари" ұпайын еншіледі.