Токио Олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта жартылай финалдар аяқталды
Токио Олимпиадасында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалда АҚШ боксшысы Ричард Торрезбен қолғап түйістірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Аталған салмақ бойынша сынға түскен қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалда қарсыласына жол берді. Жекпе-жек үшінші раундта отандасымыздың жарақаттануына байланысты тоқтатылып, жеңіс АҚШ өкілі Ричард Торреске берілді.
Айта кетейік, осыған дейін Қамшыбек Қоңқабаев мысырлық Юсри Резк Мұстафа Хафез бен ресейлік Иван Верясовты жеңген болатын.