Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері британиялық Чиджинду Уджа допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен шеттетілді
Токиода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері британиялық Чиджинду Уджа допингке қарсы ережелерді бұзды деген күдікпен шеттетілді. Бұл туралы Жеңіл атлетикадағы жағымсыз құбылыстармен күрес бойынша тәуелсіз органның (AIU) сайтында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Lenta.ru таратқан ақпаратқа сүйенсек, Токио ойындарында 27 жастағы жеңіл атлеттен алынған сынамада тыйым салынған остарин және S-23 заттектері анықталған. Оған қарсы тәртіптік іс қозғалды.
Сондай-ақ Бахрейннен келген желаяқ Альсадик Мику, Кения спортшысы Марк Одиамбо, грузиялық Беник Абрамян допингпен ұсталды деп отыр.
Уджа 100 метр қашықтықтағы 4 эстафета бойынша күміс алқаны жеңіп алған болатын. Сонымен қатар, ол 2013 жылы Жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында жеңіске жеткен.