Токио Олимпиадасында 13 жастағы қыз алтын медаль жеңіп алды

26.07.2021 21:05

Скейтбординг Токиодағы ойындарда олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді

Коммерсант

Жапониялық Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында скейтбордингтен "стрит" дисциплинасында алтын медаль ұтып алды. 13 жастағы спортшы 15,26 баллмен жеңді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Екінші орын 13 жастағы бразилиялық Раисса Леалға (14,64) бұйырса, үшінші орынды 16 жастағы Жапония өкілі Фуна Накаяма (14,49) иеленді.

Скейтбординг Токиодағы ойындарда олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді.