Ауыр атлетика федерациясы Олимпиада жүлдегерлеріне жаңа автокөлік сыйлайды

30.07.2021 20:16

Игорь Сон 61 килограмға дейінгі, ал Зульфия Чиншанло 55 килограмға дейінгі салмақта үшінші болып, «қола» алды

Фото: ашық дереккөзден


Токио олимпиадасының қола жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға көлік тарту етіледі, деп хабарлайды Almaty.tv

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы жақын арада үздік үштіктен көрінген зілтеміршілерімізге темір тұлпардың кілтін табыстап, Нұр-сұлтан қаласында марапаттамақ. Одан бөлек спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен Ұлттық құраманың бас бапкеріне де ақшалай сыйақы беріледі. Айта кетейік, бүгін жарыс жолына жеңіл атлеттеріміз шығады. Олардың арасында 100 метрге жүгіруден Ольга Сафронова және үш қарғып секіруден Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Мария Овчинникова бар. Әзірге Қазақстан құрамасы 3 қола медальмен турнир кестесінде 56 орында келе жатыр.