Токио-2020: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды
Olympic.kz
Ертең еркін күрестен 74 және 125 келі салмақ дәрежесінда, ал әйелдер күресінен 53 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токиода күрес түрлері бойынша бәсекелер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Olympic.kz.
5 тамыз күні Токио бозкілемінде белдесетін балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ертең еркін күрестен 74 және 125 келі салмақ дәрежесінда, ал әйелдер күресінен 53 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтайды.
74 келіде ел намысын Данияр Қайсанов қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы жапониялық Кейсуке Отогуро болмақ.
Ал 125 келіде Юсуп Батырмурзаев алғашқы белдесуін германиялық Геннадий Гудиновичке қарсы өткізеді.
Әйелдер арасында 53 келіде Қазақстан сапынан Татьяна Ахметова-Аманжол кілемге шығады. Ол 1/8 финалда Роксана Засинамен (Польша) кездеседі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
23.09.2026 08:15
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
23.09.2026 08:00
Алматыда үшем дүниеге келді
22.09.2026 14:49
23 қыркүйекке арналған валюта бағамы
23.09.2026 07:40