Токио-2020: Қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластары анықталды

04.08.2021 20:30

Ертең еркін күрестен 74 және 125 келі салмақ дәрежесінда, ал әйелдер күресінен 53 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтайды

Olympic.kz


Токиода күрес түрлері бойынша бәсекелер жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv  тілшісі Olympic.kz.

5 тамыз күні Токио бозкілемінде белдесетін балуандардың алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ертең еркін күрестен 74 және 125 келі салмақ дәрежесінда, ал әйелдер күресінен 53 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтайды.

74 келіде ел намысын Данияр Қайсанов қорғайды. Оның алғашқы қарсыласы жапониялық Кейсуке Отогуро болмақ.

Ал 125 келіде Юсуп Батырмурзаев алғашқы белдесуін германиялық  Геннадий Гудиновичке қарсы өткізеді.

Әйелдер арасында 53 келіде Қазақстан сапынан Татьяна Ахметова-Аманжол кілемге шығады. Ол 1/8 финалда Роксана Засинамен (Польша) кездеседі.

Теги: Токио бокс