Каратеші Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді

07.08.2021 21:45

Рютаро Арага арасындағы кездесу 4:2 есебімен қарсылас еншісіне шешілді

Olympic.kz

Каратеден ерлер арасында Токио Олимпиадасының топтық кезеңдері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық Данияр Юлдашев екінші кездесуінде қарсыласына жол берді. Рютаро Арага (Жапония) арасындағы кездесу 4:2 есебімен қарсылас еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, Данияр Юлдашев Йонатан Хорне (Германия), Рютаро Арага (Жапония), Угур Ақташ (Түркия) және Гогита Арканиямен (Грузия) бірге В тобында сынға түсуде.