Жарақат алып қалуына байланысты соңғы сәттерде қарсыласына есе жіберіп қойды
Токио Олимпиадасында еркін күрестен қазақстандық Нұрислам Санаев жартылай финалда үндістандық Рави Кумармен белдесуге шығып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Тартысты кездесуді Нұрислам жақсы ойын көрсетті. Ол қарсыласын бірнеше рет айналдырып, 9:2 есебімен алға шыққан. Бірақ бұл басымдықты ол соңына дейін сақтай алған жоқ. Себебі жарақат алып қалуына байланысты соңғы сәттерде қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша үндістандық балуан финалға жолдама алды.