|
31.07.2021 | 18:03
8654

Токио-2020: Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты

Ол Олимпиада ойындарының кезекті кездесуінде франциялық Биллал Бенаннан 5:0 есебімен басым түсті

Токио-2020: Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының ширек финалына шықты olympic.kz

Бүгін бокстан 52 келіге дейінге салмақта сынға түскен Сәкен Бибосынов франциялық қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Ол ширек финалда испаниялық Габриэль Эскобармен жұдырықтасады. Одан бөлек 63 келіде өнер көрсететін Зәкір Сафиуллиннің қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартып, қазақстандық былғары қолғап шебері автоматты түрде келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv .

«Оңай болған жоқ. Бұл жерде барлығы күш-жігерін салып жатыр. Менде артымда 18 миллион қазақ халқы маған сенім артқандықтан бар күш-жігерімді салдым», –  деді Боксшы Сәкен Бибосынов.

Одан бөлек садақ атудан Олимпиада ойындарының 1/8 -ші финалына дейін жеткен Ильфат Абдуллин келесі кезеңге өте алмады. Ол қытайлық спортшымен өткен тартысты ойында 6:5 есебімен ұтылып, жарыс жолын аяқтады.

«Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Бұл жарыс мен үшін үлкен тәжірибе болды. Енді алдымызда әлем чемпионаты күтіп тұр. Олимпиадаға бірінші рет қатысып тұрғаннан кейін осы жарыста өзіме не жетіспейді, қай жерден қате жіберетінімді бәрін тексеріп алдым. Әлем чемпионатында мақсатыма жетуге тырысамын», –  деді Қазақсандық садақшы Ильфат Абдуллин.

Ал, теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина өкінішке қарай үшінші орын үшін болған кездесуде қарсыласына есе жіберіп, жүлдеден қағылды. Украиналық спортшыдан қос сет қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіліп, олимпиада ойындарын 4-ші орынмен аяқтады.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы әзірге 3 қола медальмен турнир кестесінде 63-ші орында келе жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Токио бокс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир