Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты

01.08.2021 22:16

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды

inform.kz

Токио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев ресейлік Иван Верясовтан басым түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі

Ол қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Бірінші және екінші раундта төрешілер жеңісті Қамшыбекке берсе, үшінші раундта Иван Верясовтың белсенділігі есепке алынды.

Айта кетейік, жартылай финалда Қамшыбек Қоңқабаев америкалық Ричард Торреспен кездеседі.



Теги: бокс Токио