Каратэші Дархан Асаділ Олимпиаданың қола жүлдесін алды
olympic.kz
Ел қоржынында әзірге 7 қола медаль бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Токио Олимпиадасында каратэден алғашқы жүлдегер анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Дархан Асаділов Олимпиаданың қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалда Франция өкілі Стивен де Костамен кездесіп, 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Дархан каратэ тарихында Қазақстанның тұңғыш Олимпиада жүлдегері болып отыр. Ол 1987 жылы 8 тамызда дүниеге келген. Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегерлер қатарынан көрінді. Азия чемпионатында бірнеше рет жеңіске жеткен.
Айта кетсек, қазақстандық спортшылар бүгін үш қола медаль жеңіп алды. Олар - боксшы Сәкен Бибосынов, еркін күрестен Нұрислам Санаев. Жалпы, ел қоржынында әзірге 7 қола медаль бар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
16.10.2026 14:01
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
17.10.2026 09:12
Алаяқтық қарыздың рәсімделуіне қалай жол бермеу керек
16.10.2026 12:35
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
16.10.2026 21:34