Жарысқа 25 қазақстандық қатысады
24 тамызда Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа 25 қазақстандық қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Токиода дәстүрлі Олимпиада алауын беру эстафетасы өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы ретінде "Біздің қанатымыз бар" ұраны таңдалды. Одан кейін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына орай шеру өтті, оған 5 мың атлет қатысты.
"Паралимпиадада Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы бақ сынайды. Паратхэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен өткен Паралимпиада-2016 күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ту ұстаушылар атанды", - делінген хабарламада.
Паралимпиадаға қатысатындар:
Жүзу - Нұрдәулет Жұмағали, Нұрәлі Советканов, Сиязбек Далиев, Ержан Сәлімгереев, Зульфия Габидулина, Роман Агалаков, Әлия Рахымбекова;
Жеңіл атлетика - Дастан Мұқашбеков, Салтанат Әбілқасымқызы;
Дзюдо - Жанбота Аманжол, Зарина Байбатина, Теміржан Дәулет, Даяна Федосова, Әнуар Сариев, Ғалымжан Смағұлұлы;
Каноэ - Бибарыс Спатай;
Тхэквондо - Нұрлан Домбаев, Нышан Өмірәлі, Камила Досмалова;
Пауэрлифтинг - Давид Дегтярев, Раушан Қойшыбаева, Рахмеджан Хамаев, Гүлбану Әбдіхалықова, Алина Солодухина;
Оқ ату - Айсұлу Жұмабаева.