Қазақстанның паралимпиадашылары Бейжің Олимпиадасынан елге оралды

пресс-служба министерства культуры и спорта
пресс-служба министерства культуры и спорта
Жалпы командалық есепте ұлттық құрама 17-орын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның паралимпиадашылары Қысқы Олимпиададан елге оралды, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отандық спортшыларды жанкүйерлер, журналистер, спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан күтіп алды.

4-13 наурыз аралығында Қытай мемлекетінің астанасы Бейжің қаласында өткен Паралимпиадада еліміз құрамасының сапында пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев ел намысын қорғады.

Пара биатлоннан (10 шақырым) сынға түскен Александр Герлиц төрт жылдықтың дүбірлі додасының қола жүлдесін жеңіп алды.

Новости партнеров