Медальға бір қадам: Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Олимпиаданы 4-орынмен аяқтады

ru.sputnik.kz
ru.sputnik.kz
Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрлік қашықтықта Абзал Әжіғалиев үздік төртінші оырнға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Финалдық додада Абзал мәре сызығын төртінші болып кесіп, өкінішке қарай жүлдеге сынық сүйем жерден тоқтады. Аталған қашықтықта алтын жүлдені Венгрия, күмісті Ресей, қоланы Канада спортшылары иеленген. Абзал Әжіғалиев қысқа қашықтықтарға жүгіруден әлем кубогінің жеңімпазы әрі бірнеше дүркін жүлдегері. 

Ол Сочи және Пхченчхан Олимпиадаларына қатысып, А финалына алғаш рет Бейжің ойындарында шыққан болатын. Әзірге, Абзал қазақстандық шорт-трекшілердің Олимпиададағы ең ірі жетістігін тіркеп отыр. Бұған дейн отандық шорт- трек шеберлері Олимпиадада төрттікке енген емес. Сондай-ақ осыған дейін Әділ Ғалиахметов 1500 метрге жарысудан финалда бақ сынап, сегізінші орын алған болатын.

Новости партнеров