Бейжің-2022: Екінші жарыс күнінің кестесі

04.02.2022 16:22

Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады

Яндекс.Дзен

Бүгін Бейжіңде өтіп жатқан XXIV қысқы Ақ Олимпиада ойындарында екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден ресми жаттығуын бастайды, деп хабарлайды Almaty.tv  ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Шаңғымен тұғырдан секіру. Ресми жаттығу

Сергей Ткаченко, Даниил Васильев

Басталуы: 16:00

Сондай-ақ бүгін Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.

Нұр-Сұлтан мен Бейжің арасындағы уақыт айырмашылығы +2 сағат. Олимпиаданың екінші жарыс күнінде қазақстандықтар шаңғымен тұғырдан секіруден кезекті ресми жаттығуға қатысады.

Жарыс уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.