|
12.03.2022 | 11:06
15916

Паралимпиада Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-інші болды

Екінші орын француз Б.Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды

Паралимпиада Александр Герлиц шаңғы жарысында 5-інші болды  ҚазАқпарат

Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Александр Герлиц 10 шақырымға шаңғымен тұрып жарысуда мәреге 5-інші болып келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

А. Герлиц мәреге алғашқы болып жеткен қытайлық Ван Чэньяннан 2 минут 3,2 секундқа қалып қойды. Екінші орын француз Б.Давиетке, үшінші орын қытайлық Цай Цзюньге бұйырды. 

Айта кетейік, бүгін шаңғымен жекелей жарыстардың соңғы күні. Чжанцзякоу елді мекенінде әйелдер және ерлер арасында медальдардың 6 жиынтығы сарапқа салынады. Аздаған уақыттан соң қазақстандық спортшылар Ербол Хамитов, Юрий Березин, Денис Петренко және Сергей Усольцев шаңғымен еркін стильде отырып жарысудан финалдық кезеңге қатысады (басталуы сағат 10:30-да).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир