|
04.02.2022 | 13:31
991

Олимпиада-2022: Қазақстан спортшыларының киім үлгісі стильді формалар рейтингіне енді

Қазақстанмен қатар Халықаралық Олимпиада комитеті мен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия спортшыларының образдарын ерекше атап өтті

Олимпиада-2022: Қазақстан спортшыларының киім үлгісі стильді формалар рейтингіне енді  olympic.kz

Халықаралық Олимпиада комитеті Бейжіңдегі қысқы ойындардағы ұлттық құраманың үздік сәнді киім үлгісі тізімін жариялады. Үздіктердің қатарына қазақстандық спортшылардың киім үлгісі кірген, деп хабарлайды Almаty.tv тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазақстан сән сынынан өтті», - делінген ХОК мәлімдемесінде. 

«ZIBROO спорттық киімінің қазақстандық өндірушісі ресейлік дизайнер Дмитрий Шишкинмен Бейжің 2022 үшін ынтымақтасқан. Топтаманың көк және ақ түстері мұз бен қарды бейнелейді, ал қара түс сәттілікті білдіреді», – деп атап өтті Халықаралық Олимпиада комитетінен. 

Сондай-ақ ХОК өз шолуында Forbes журналына сілтеме жасап, қазақстандық спортшылардың киімін «ең жақсы сән дипломатиясы» деп атады. Бұған дейін америкалық басылым Қазақстанның Олимпиадалық формасын да Бейжіңдегі ойындарда ең стильді киімдер рейтингіне қосқан болатын. Қазақстанмен қатар Халықаралық Олимпиада комитеті мен Forbes АҚШ, Канада, Ресей, Қытай, Швеция және Германия спортшыларының образдарын ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 4 ақпанда, 2022 жылғы қысқы ойындардың ресми ашылуы өтеді. Салтанатты рәсім Бейжің ұлттық стадионында өтеді. Өткен жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылардың киімі үздік сән үлгісі деп танылған еді. Еске салсақ, Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанаты бүгін етеді. Онда Қазақстан құрамасының өкілдері Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова мемлекеттік туды ұстап шығады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир