Қазақстандық гимнаст халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды

17.02.2022 20:05

Ересектер арасындағы бәсекеде Баян Қойбағар 4-і орын алса, Айбота Ертайқызы бестікке енді

ҰОК

Мәскеуде көркем гимнастикадан жасөспірімдер мен ересектер арасындағы халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҰОК мәліметінше, аталған сынға Қазақстан командасының өкілдері де қатысып, жасөспірімдер арасындағы көпсайыс қорытындысы бойынша Милана Парфилова қола жүлдегер атанды.

Ересектер арасындағы бәсекеде Баян Қойбағар 4-і орын алса, Айбота Ертайқызы бестікке енді.