Бейжің-2022: Ақмаржан Қалмұрзаева фристайл-акробатикадан финалға шықты

14.02.2022 в 21:20

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады

Фристайл-акробатикадан Бейжің Олимпиадасының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстандық Ақмаржан Қалмұрзаева үздік 12 спортшы бақ сынайтын финалдық кезеңге өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қыземтіне сілтеме жасап. 

Ақмаржан іріктеу кезеңінде 98.68 ұпай жинап көш бастады. 

Өкінішке қарай, команда үздігі Жанбота Алдабергенова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.

Финалдық кезең Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.