Шаңғышыларымыз эстафетаны 15 орынмен түйіндеді

12.02.2022 в 21:43

Бұл сында Ресей құрамасы топ жарса, күміс жүлде Германия құрамасына бұйырды

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы эстафеталық сын аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл додада Қазақстан құрамасы сапынан Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина топқа түсті. Тартысты өткен аламанда қазақстандық арулар жүлденің ауылынын алыс қалып, жарысты 15 орынмен түйіндеді. Бұл сында Ресей құрамасы топ жарса, күміс жүлде Германия құрамасына бұйырды. Үздік үштікті Швеция құрамасы қорытындылады.