Қазақстандық конькимен жүгіруші Олимпиадада ел рекордын жаңартты
ҚР ҰОК, Владислав Семенов
Алайда жүлделі орын ала алмады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қазақстандық конькимен жүгіруші Надежда Морозова 2022 жылғы қысқы Олимпиадада 3000 метр қашықтықта өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Морозова 3000 метрді 4:04,97 уақытта жүгіріп өтіп, осы қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты. Алайда жүлделі орын ала алмады.
Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд Людмила Прокашеваға тиесілі болған (4:05.01). Бұл оның 2001 жылы 2 наурызда Калгариде өткен әлем чемпионатындағы көрсеткіші.
Надежда Морозова Бейжіңдегі ойындарда басқа да қашықтықтарда өнер көрсетеді. 7 ақпанда ол Екатерина Айдовамен бірге 1500 метрге конькимен жүгіреді, ал 17-сі екеуі де 1000 метрге жарысады. Сондай-ақ 19 ақпанда Морозова масс-стартта өнер көрсетеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45