«Айттым сәлем, Қаламқас» әуенінің сүйемелдеуімен сырғанаған Денис Васильев 85,30 ұпай жинады
Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиада төрінде Абайдың әніне өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Айттым сәлем, Қаламқас» әуенінің сүйемелдеуімен айдында сырғанаған Денис Васильев 85,30 ұпай жинап, жетінші орынды иеленді. Васильев қаңтардың аяғында өткен Еуропа чемпионатында қола жеңіп алған. Бейжің Олимпиадасы оның мансабындағы екінші Олимпиада.
Айта кетсек, спортшыны жаттықтырып, баптаған еліміздің майталман сырғанаушысы Денис Теннің досы Стефан Ламбьель болатын.