|
13.03.2022 | 18:24
1040

Қазақстан Паралимпиаданы 17-орынмен аяқтады

Қазақстан Паралимпиаданы 17-орынмен аяқтады

Бүгін Бейжіңдегі Паралимпиаданың жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасы бұл әлемдік бәсекені бір қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қорытынды медальдік есепте Қазақстан Австралия және Швейцария құрамаларымен 17-орынды бөлісті (барлығында бір қоладан).

Әлемдік додада Қытай командасы көшбастаса, украиндықтар ІІ-орынды еншіледі. Ал Канада ТОП-3-ті түйіндейді.

Қазақстан үшін жалғыз қола медальді парабиатлонда Александр Герлиц сыйлады. Сонымен қатар спортшы парабиатлондық және паралимпиадалық жарыстарда, сондай-ақ эстафетада үш рет бесінші орынға ие болды.

Бейжіңдегі ойындарда Қазақстан атынан бес спортшы қатысты. Олар: Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Ербол Хамитов, Денис Петренко, Юрий Березин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир