Фристайл-акробатика: Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады
prosports.kz
Финалда Ақмаржан іріктеудегі нәтижесін қайталай алған жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Фристайл-акробатикадан Қазақстан командасының мүшесі Ақмаржан Қалмұрзаева Олимпиаданы 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы іріктеу қорытындысы бойынша фристайл-акробатикадан бірінші финалға өтіп, ТОП-12 спортшының қатарына енген болатын.
Өкінішке қарай, финалда Ақмаржан іріктеудегі нәтижесін қайталай алған жоқ. Алғашқы мүмкіндігінде секіру элементтерін орындап, жерге түскенде құлап қалған болатын. Төрешілер 52.36 ұпай берді.
Екінші мүмкіндігінде Қалмұрзаева 71.23 ұпай алып, жалпы есепте 11-і орынға табан тіреді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06