|
03.11.2020 | 11:10
10035

«Алматы» телеарнасында «Өткінші жаңбыр» телехикаясының премьерасы өтті

Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 20:40-та «Алматы» телеарнасынан «Өткінші жаңбыр» телехикаясын көріңіз

«Алматы» телеарнасында «Өткінші жаңбыр» телехикаясының премьерасы өтті Almaty.tv

«Өткінші жаңбыр» телехикаясы тағдыр тәлкегімен Алматыда кездесіп, жақын дос болып, ортақ іс ашатын екі түрлі әйелдің тағдыры мен олардың армандары туралы баяндайды. Сол уақыт аралығында олар өзгереді, жеке тұлға ретінде өседі, қиындықтарды жеңіп, табысқа жетеді. Бұл өмірде бәрі мүмкін екенін дәлелдейді.

«Өткінші жаңбыр» телехикаясының әр бөлімінде  көрермен өзін және отбасына жақын оқиғаларды көруі мүмкін.  Телехикаяның  басты кейіпкері – Жанар есімді көпбалалы ана. Күнделікті үй шаруасынан зеріккен ол  кәсіпкерлікті қолға алып, ел қатарлы жұмыс жасағысы келеді. Алайда жұбайы бұл ойын құптамайды.

Екінші кейіпкер – Ажар.  Ол жалғысбасты ана, әрі шағын кәсіпкер. Тапсырыспен торт пісіру – оның ең басты табыс көзі. Жұмыстан жалыққан Ажар керісінше отбасылық өмірді аңсайды. Кейіпкерлердің тағдыры әр түрлі болғанымен, басқа түскен қиындық екеуінің басын бір арнаға тоғыстырады.

Фильмде «Бақытты отбасы», «Еңбек», «Іскер ана», «Бастау бизнес» сияқты әлеуметтік жобалар қамтылған, әрі  «Шетсіз қала» тұжырымдамасының көрінісі де бар.

Дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 20:40-та «Алматы» телеарнасынан «Өткінші жаңбыр» телехикаясын көріңіз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир