Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауады

05.12.2023 06:00

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

elements.envato.com

Синоптиктер 5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігі циклон ықпалында болады, соған байланысты атмосфералық фронттар ықпалымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады. Түнде қар жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, түнде және таңертең кей жерлерде 23 м/с жетеуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кейде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 18-20 градус жылы болады.