Үсік, тұман, жаңбыр: жұмаға арналған күн райы болжамы

06.10.2023 11:21

Кей өңірлерде әлі де өрт қаупі сақталады

pixabay.com

6 қазан күні фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел аумағының қалған бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Барлық өңірде тұман күтіледі, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақмола облысының орталығы мен шығысында түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.

Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аумағында, орталығында, шығысы мен оңтүстігінде аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.