Бүгін елдің басым бөлігінде жауын, қар жауады

Фото: Victor Glutsenko
Фото: Victor Glutsenko

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК-сы 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар елдегі ауа райына әсер етеді, осыған қарай күн құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігіне жауын жауады (көбінесе қар). Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, көктайғақ, боран соғып, екпінді жел тұрады.

Новости партнеров