21 желтоқсанда ауа райы қандай болады

elements.envato.com
elements.envato.com
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысы

21 желтоқсан түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді. Атырау қ.: 21 желтоқсан түнде тұман түседі.

Астана

Астана қ.: 21 желтоқсанда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

21 желтоқсанда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 желтоқсанда түнде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Ұлытау облысы

21 желтоқсанда Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысы

21 желтоқсанда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар қ.: 21 декабря күндіз бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы

21 желтоқсанда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді. Ақтобе қ: 21 желтоқсанда түнде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысы

21 желтоқсанда Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түседі. Қызылорда қ.: 21 желтоқсанда кей уақытта тұман түседі.

Маңғыстау облысы

21 желтоқсанда Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с болады. Ақтау қ.: 21 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

21 желтоқсанда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Қарағанды қ.: 21 желтоқсанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

Абай облысы

21 желтоқсанда Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с жетеді. Семей қ.: 21 желтоқсанда күндіз бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

21 желтоқсанда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 21 желтоқсанда бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

21 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавл қ.: 21 желтоқсанда түнде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысы

21-22 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шымкент қ.: 21-22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі. Түркістан қ.: 21-22 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысы

21 желтоқсанда түнде басым бөлігінде, күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 21 желтоқсанда түнде және таңертең бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысы

21 желтоқсанда түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с жетеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров