|
08.07.2023 | 09:15
4028

Найзағай, жел және жаңбыр: 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады

Найзағай, жел және жаңбыр: 8 шілдеге арналған ауа райы болжамы seminar-beauty.ru

Қазгидромет мамандары 8 шілде, сенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана

Астана қ.: 08 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі.

Атырау облысы

08-09 шілдеде күндіз Атырау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. 08-09 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: 08-09 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 08-09 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

08 шілдеде күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 08 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

08 шілдеде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 08 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 08 шілдеде күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 08 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

08 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 08 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

08 шілдеде түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 08-09 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавл қ.: күндіз 08 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі. 08-09 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

08 шілдеде күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. 08 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

08 шілдеде Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

08 шілдеде Абай облысының түнде батысында, солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Семей қ: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

08 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қ: 08 шілдеде найзағай күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

08 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 08 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 08 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Түркістан облысы

08 шілдеде Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. Шымкент қ.: 08 шілдеде түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 08 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысы

08 шілдеде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 08 шілдеде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысы

08 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 08 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

08 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40 градус қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. 08 шілдеде Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 08 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

08 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 39-42 градус қатты ыстық күтіледі. 08 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 08 шілдеде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Алматы облысы

08 шілдеде күндіз Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі, күндіз таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с, таулы аудандарда кей уақытта 25 м/с. 08 шілдеде облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қ: 08 шілдеде кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Қонаев қ: 08 шілдеде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысы

09 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43 градус өте қатты ыстық күтіледі. 09 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир