Көктайғақ және бұрқасын: 8 ақпанға арналған ауа райы болжамы

08.02.2024 05:49

Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды

Victor Glutsenko

Ұлытау облысы

8 ақпанда Ұлытау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с жетеді. Жезқазған қ.: күндіз бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Қарағанды қ.: 08 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау облысында түнде солтүстігінде, шығысында көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысында түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 08 ақпанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Қонаев қ.: 08 ақпанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында, күндіз екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: тұман күтіледі. Түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 08 ақпанда таңертең және күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семей қ.: 08 ақпанда түнде және таңертең бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысында бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қызылорда облысында түнде Қызылорда облысында оңтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с.

Ақмола облысында жауын-шашын (мұзды жаңбыр, қар), облыстың батысында қатты қар жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысында қар жауады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында қатты қар жауады. Кей уақыттарда бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде кей уақыттарда 30 м/с және одан аса жетеді.

Астанада таңертең және күндіз, тәулік бойы бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, тәулік бойы жел 08-09 ақпанда кей уақыттарда 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысынде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. 08 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. 08 ақпанда түнде облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қ.: 08 ақпанда тәулік бойы көктайғақ күтіледі. Түнде жел екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбіне қар), бұрқасын, көктайғақ болады. 08-09 ақпанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, 08 ақпанда облыстың оңтүстігінде, батысында, 09 ақпанда облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса жетеді.

Оқи отырыңыз:  Алматы қаласы бойынша 5-11 ақпан аралығындағы ауа райы болжамы