26 наурызға арналған ауа райы болжамы

26.03.2024 09:13

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады

elements.envato.com

Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 26 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР басым аумағынан атмосфера фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын (көбіне жаңбыр түрінде) күтіледі, батыста жаңбыр қатты болады.

Еліміздің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз болады. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-25 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Оңтүстікте – қатты жел, найзағай; солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 25-31 наурыз аралығындағы ауа райы болжамы