16 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2023 10:06

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады

elements.envato.com

Синоптиктер 16 қарашада республика өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана

Астана қ.: 16 қарашада түнде және таңертең оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысы

16 қарашада түнде және таңертең Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с жетеді.

Түркістан облысы

16 қарашада күндіз Түркістан облысының тау асуларында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді.

Абай облысы

16 қарашада Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Семей қ.: 16 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысы

16 қарашада Қызылорда облысының батысында тұман түседі.

Ақмола облысы

16 қарашада Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысы

16 қарашада Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысы

16 қарашада түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысы

16 қарашада түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Маңғыстау облысы

16 қарашада Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысы

18 қарашада күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 16-18 қарашада облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. 16-18 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 16 қарашада екпіні 23 м/с, тәулік бойы 18 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді. Тараз қ.: 16-18 қарашада тұман күтіледі. 16-18 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с, 18 қарашада кей уақыта 25 м/с жетеді.

Теги: ауа райы