Найзағай, бұршақ: 27 шілдеге арналған ауа райы болжамы

elements.envato.com
elements.envato.com

Еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 27 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы

27 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық сақталады.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қонаев қ.: 27 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық сақталады.

Төтенше өрт қаупі сақталады.

28 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

28-29 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ақтөбе облысы

27 шілдеде күндіз Ақтөбе облысында 35-36 градус қатты ыстық сақталады. 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

27 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде 35-38 градус ыстық күтіледі. 

Орал қ.: 27 шілдеде күндіз 35-36 градус ыстық күтіледі.

Абай облысы

27 шілдеде таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Семей қ: 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

27 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ: 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

27 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды қ.: 27 шілдеде найзағай күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

27-28 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 27-28 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақтау қ.: 27-28 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана

Астана қ.: 27 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

27 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында, күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 27 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Петропавл қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. 27 шілдеде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы

27 шілдеде түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Жезқазған қ.: 27 шілдеде түнде найзағай күтіледі. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

27 шілдеде таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 27-29 шілдеде облыстың орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда қ.: 27 шілдеде таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27-29 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысы

27 шілдеде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Кокшетау қ.: 27 шілдеде кей уақыттарда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. 27 шілдеде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысы

27 шілдеде таңертең және күндіз Костанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

27 шілдеде күндіз Атырау облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Атырау қ.: 27 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі.

Жетісу облысы

27 шілдеде күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде қатты ыстық 35-39 градус сақталады. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Талдықорған қ.: 27 шілдеде күндіз қатты ыстық 37-39 градус сақталады. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы

27 шілдеде таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 27 шілдеде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қ.: 27 шілдеде таңертең және найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 15-20 м/с.

Түркістан облысы

27 шілдеде күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қ.: 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 27 шілдеде таңертең және күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 27 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

27 шілдеде күндіз Алматы облысының басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүсік-шағыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. 28 шілдеде күндіз, 29 шілдеде түнде Алматы облысының таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады 28 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда, 29 шілдеде облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с. 

Алматы қ.: 27 шілдеде күндіз 37-39 градус қатты ыстық сақталады. 28 шілдеде күндіз кей уақыттарда қатты қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с. 27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

27 шілдеде күндіз Алматы облысының солтүстігінде, орталығында 42 градус өте қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 27 шілдеде күндіз 40-42 градус өте қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

28 шілдеде күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 28 шілдеде күндіз 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 28 шілдеде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

27-28 шілдеде күндіз Маңғыстау облысының оңтүстігінде 43-45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 27-28 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

27 шілдеде күндіз, 28 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 26-28 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 26-28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Тараз қ.: 26-27 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26 шілдеде күндіз 38-40 градус қатты ыстық сақталады. 26-28 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Новости партнеров