Қытайда 1 тәулікте екінші рет жер сілкінді

08.04.2023 15:54

Тербеліс ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 435 шақырым қашықтықта болған

inform.kz

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық стансалар желісі 7 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 21:44-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тербеліс ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 435 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10,9.

MPV магнитудасы – 4,8.

Тереңдігі - 30 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.