Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын көктайғақ, тұман, екпінді жел тұрады
«Қазгидромет» 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ауқымды антициклон жотасы әлі де республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды. Соған орай жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, тұман, екпінді жел тұрады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпінде жел болады.
Атырау облысының солтүстігінде тұман, батысы мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел күшейеді - 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік-Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі.
Қостанай облысының батысында жел күшейеді, екпіні - 15-20 м/с.
Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді.