Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды
«Қазгидромет» 29 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР солтүстік жартысында Солтүстік-Батыс циклон шұңқырының өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, жаяу бұрқасынмен жел күшейеді. Тек Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болмайды. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде – жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыста, облыстың орталығында тұман болады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.