Жауын жауып, тұман түседі: 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14.12.2021 13:00

Еліміздің оңтүстік-шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады

365info.kz

«Қазгидромет» 14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсы болады. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында фронталдық бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, жауын-шашын, тауларда нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Павлодар облысында, Қостанай облысының шығысында тұман түседі. 

Алматы облысының солтүстігінде және шығысында – тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа жетеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз таулы асуларда желдің жылдамдығы секундына 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Маңғыстау облысының батысында, күндіз Атырау облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с-ке дейін жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. 

Қызылорда облысының орталығында – тұман түсіп, түнде оңтүстігінде көктайғақ болады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таулы аудандарда жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.