Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 4 тамыз 16 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан 879 км қашықтықта Ауғанстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6. Магнитудасы 5.5. MPV, бағыты 37.04° с.е. 70.44° ш.б. Тереңдігі 30 км», – делінген хабарламада.