Жел тұрып, қар жауады: 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

28.09.2021 13:02

Республикада екпінді жел соғады, оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстікте және батыста найзағай ойнайды

ktk.kz

Бүгін республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қар аралас жаңбыр жауады.  Бүкіл аймақта жел күшейіп, шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Қостанай облысында жел 15-23 м/с артып, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында желдің күші 15-23 м/с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл тұрады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының батысында, шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с артып, шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Мегаполистердегі ауа райы

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз, күндіз температура + 20 + 22 ° С.

Шымкентте күн бұлтты, күндіз + 23 + 25 ° С.

Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады, күндіз + 8 + 10 ° С болады.