Жел тұрып, көктайғақ болады: 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

atr.kz
atr.kz
ҚР басым бөлігінде бұрынғысынша солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерін тигізетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР басым бөлігінде бұрынғысынша солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар әсерін тигізетін болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ, желдің күші түнде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігі және орталығында, Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында, күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады. 

Ақмола облысының батысында және оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіліп, түнде шығысында, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Түнде және таңертең Алматы облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі, Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен соғады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Новости партнеров