Қар жауып, боран соғады: 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

massaget.kz
massaget.kz
Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, бүгін фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың басым бөлігінде күн құбылмалы болады, қар жауып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын–шашын (жаңбыр, қар), оңтүстікте таулы аудандарда нөсер жауын жауады. 

Тек республиканың батысы мен солтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

ҚР солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 18 м/с-қа жетіп, жаяу бұрқасын соғады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Алматы облысында Алакөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Новости партнеров