Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады
«Қазгидромет» 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар аралас жаңбыр жауады.
Еліміздің шығысы, орталығы мен оңтүстігі ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, солтүстігінде жел жаяу бұрқасынмен күтіледі, батысында және солтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, басым бөлігінде жел 15-20, облыстың оңтүстік-батысында екпіні 25 м/с дейін күшейеді.
Ақмола облысының түнде солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының солтүстік-батысында тұман, батысында желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында жел 17-22, екпіні 25 м/с күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында тұман, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-шығысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-батысында қатты жел тұрады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі.