Республика бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман, көктайғақ болады
«Қазгидромет» 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ҚР басым бөлігінде фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын көбінесе қар түрінде өтеді. Республиканың тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстік аудандары антициклонның ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы басым болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман, көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ, солтүстікте тұман күтіледі.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында тұман, көктайғақ, таулы аудандарда желдің күшеюі 15-20 м/с болады.
Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің күшеюі 18-23 м/с болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында көктайғақ, күндіз батыста, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен жел соғады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, 15-20 м/с жел тұрады, облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, облыс орталығында тұман болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.