"Қазгидромет" 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында фронталды бөліктер әсерінен қар жауып, республиканың батысында жел күшейіп, көктайғақ болады. ҚР қалған бөлігіне антициклон жотасы өз әсерін сақтайды – жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.