Жел тұрып, көктайғақ болады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

tolqyn.kz
tolqyn.kz
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жауын-шашын, республиканың оңтүстігінде нөсер жауын мен қар жауады. Тек солтүстік-батыс, солтүстік облыстар антициклонның ықпалында болады, соған байланысты күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде желдің екпіні 23-28 метр болады.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың тау және тау бөктерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғып, облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында жаяу бұрқасын соғып, жолдарда көктайғақ, облыстың солтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Новости партнеров